$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Жастар рухы» жастар қанатының бастамасымен студенттер музейге экскурсия жасады

«Жастар рухы» жастар қанатының бастамасымен студенттер музейге экскурсия жасады

Бүгін Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің студенттері облыстық өлкетану музейіне экскурсия жасады. «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған  шараға отызға жуық студент қатысты. Олар музей қорындағы бірегей жәдігерлермен танысып, тарихи деректер мен қызықты мәлімет тыңдады.  

ӘЛІШЕР ТЫНЫШТЫҚ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ АОФ ТӨРАҒАСЫ:

Экскурсияның негізгі мақсаты-жастарымыздың мына өңірдің тарихын, елдің тарихын тереңірек білсін деген мақсатта жасалып жатыр. Оған қоса мына Республика күні аясында патриоттық бір тәрбие мақсатында өткізіліп жатқан шара. Бұл жерге 30 ға жуық жас келіп, жалпы еліміздің, өзіміздің арғы бабаларымыздың тарихымен танысуға үлкен мүмкіндік алды.

Өскемендегі облыстық өлкетану музейінде студенттер мен мектеп оқушыларына да экскурсиялар мен шеберлік сабақтары өтті. Қатысушылар   тарихи жәдігерлермен танысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Республика күні қарсаңында осындай орындарда тарихи және мәдени мұраға қатысты қызықты деректерді білуге болады.

КОРЛАН ТҰҒАМБАЕВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ШҚО ТӨРАҒАСЫ:

Бұл -еліміздегі ең үлкен әрі экспонаттарға ең бай музейлердің бірі болып саналады. Әсіресе, біздің тарихымызды, кең даламыздағы бабаларымыздың өмірін сипаттайтын археологиялық жәдігерлер ерекше. Осындай музейдің Өскемен қаласында орналасқанына өте қуаныштымыз. Музей 1915 жылы ашылған. Ғасырдан астам уақыт ішінде мұнда миллионнан астам құнды экспонат жиналған.