$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада "БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА" фильмінің тұсаукесері өтті

AstanaTV
22.10.2025ж. 19:00
Астанада "БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА" фильмінің тұсаукесері өтті

Биыл атақты композитор, әнұранның авторы Шәмші Қаладяқовтың туғанына 95 жыл. Осыған орай, сазгердің әндеріне негізделген, қазақстандағы тұңғыш JUKE BOX мюзикл жанрандағы "БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА" киносы көрерменге жол тартты. Фильмде композитордың 12 әні шырқалады. Шығармалардың барлығы эстрадалық симфониялық оркестрмен сүйемелденеді.  6 айға жуық уақыт жазылған киноның сцеарийі махаббатқа негізделген. Киномюзиклда   заманауи Астанаға келген ғашықтардың хикаясы баяндалады.

АЙКЕРІМ ЕСЕНӘЛІ, ФИЛЬМНІҢ DIGITAL ПРОДЮСЕРІ:

Қазақ киносы тарихындағы тұңғыш JUKE BOX мюзикл, яғни JUKE BOX болмаған бұрын соңды, және басты ерекшелік бұл жерде анаға құрмет, отбасы институты және көп киноларда әйел тағдыры ғана айтылады, ал бұл жерде нағыз ер азаматтың ішкі болмысы тұлға болып қалыптасуына қажетті дүниелер көтеріледі және менің ойымша көріп отырған адамда біраз өзіне түйін болады, сабақ алады деп ойлаймын, және бұл киноға анасымен, әкесімен, атасымен, әжесімен, баласымен баруға болады, отбасылық біріктіруші кино.