$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада ұлын басқалармен төбелестірген көпбалалы әкеге ірі көлемде айыппұл салынды

22.10.2025ж. 16:34
Қызылордада ұлын басқалармен төбелестірген көпбалалы әкеге ірі көлемде айыппұл салынды
Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысы Арал аудандық сотында баласын біреудің ұлымен төбелестірген әке 137 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады, деп хабарлайды Astana TV Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Соттың мәліметіне сүйенсек, ер адам футбол алаңында ойнап жүрген ұлын басқа біреудің кәмелетке толмаған баласымен төбелестірген. Сот бұны «кәмелетке толмаған баланы әкімшілік құқық бұзушылыққа итермеледі» деп бағалаған.

«Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін, кәмелетке толмаған алты баласы барын айтқан. Сот осы мән-жайларды ескере отырып, ер адамға 137 мың теңге айыппұл салған», - деп хабарлайды Қызылорда соттары.