$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әкесі мен ұлы өртеніп жатқан үйдің балаларын құтқарып қалды

22.10.2025ж. 17:07
Әкесі мен ұлы өртеніп жатқан үйдің балаларын құтқарып қалды
Фото: ТЖМ

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Насымжан Оспанова Ақмола облысында болған өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Astana TV.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Ақмола облысындағы Үлгі ауылында көпбалалы отбасының үйінде өрт шыққаны туралы ақпарат тарады. Отқа оранған үйден үш баланы ауыл тұрғындары – әкесі мен ұлы құтқарып қалды.

Өрт шыққан үйдің балаларының анасымен хабарластым. Балалар аман, қазір анасымен бірге қауіпсіз жерде. Жергілікті атқарушы органдар отбасыға уақытша баспана беріп, мектеп тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілді. Балаларға психологиялық қолдау ұсынылды, - деді Оспанова.

Насымжан Оспанова ауылдың батыр азаматтары – Ерлан Токсанбаев пен оның ұлы Мирасқа, “Өрт қауіпсіздігі” мамандығы бойынша білім алып жүрген колледж студентіне, ерекше алғысымды білдірді.

Олардың ерлігі – үш баланы өрттен құтқарумен ғана шектелмейді. Өмірін адамдардың амандығына арнаған жас жігіт таңдаған мамандығына сай батылдық пен жауапкершілік танытып, сабырмен және ерлікпен әрекет етіп, әкесіне демеу болды. Бұл – нағыз ерлік пен адамгершіліктің, жүрек жылуы мен азаматтық борыштың айқын үлгісі, - деді комитет басшысы.

Ол атағандай, балалардың қауіпсіздігі ең алдымен бізге, ересектерге байланысты. Оспанова балаға көңіл бөліп, қараусыз қалдырмау, тұрмыстық құралдардың қауіпсіздігін қадағалау және төтенше жағдайда қалай әрекет ету керегін үйрету – әр ата-ананың борышы екенін еске салды.