$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алдағы үш күнде жел соғып, жаңбыр жауады

22.10.2025ж. 21:26
Алдағы үш күнде жел соғып, жаңбыр жауады
Фото: pixabay.com

Метеорологтардың болжамы бойынша, 23-25 қазанда температура көрсеткіші айтарлықтай өзгермейді. Тек елдің батысында нөсер жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық, жылы, жауын-шашынсыз болады.

Тек елдің батысы мен солтүстік-батысында циклон жотасының әсерінен жаңбыр жауады.

Сонымен қатар  республика аумағында жел күшейеді. Түнгі және таңғы сағаттарда батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түседі.

Температуралық фонда елеулі өзгеріс болмайды.