$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодар облысында заңсыз сақталған 11 атыс қаруы тәркіленді

22.10.2025ж. 22:34
Павлодар облысында заңсыз сақталған 11 атыс қаруы тәркіленді
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері шаруа және фермер қожалықтарын, мал айдау учаскелерін, сондай-ақ автокөліктерді тексеріп, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Astana TV.

– Іс-шара басталғаннан бері 11 заңсыз сақталған атыс қаруы мен 20 дана оқ-дәрі тәркіленді. Мәселен, Екібастұз қаласындағы көпқабатты үйдің ауласында ер адамның қолынан қолдан жасалған қалам-пистолет алынды. Ал Павлодар қаласында облыс орталығы тұрғынынан "Reck" тапаншасы тәркіленді. Барлық қарулар бойынша баллистикалық сараптама тағайындалып, оның нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – дейді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертеді: атыс қаруын өз еркімен тапсырған азамат заңсыз сақтау дерегі үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды ақылы түрде өткізуге ниет білдіргендер кез келген полиция бөліміне өтінішпен жүгіне алады.