$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шүлбі су қоймасынан 6,32 млрд текше метр су жіберілді

23.10.2025ж. 12:31
Шүлбі су қоймасынан 6,32 млрд текше метр су жіберілді

Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзені арқылы экологиялық мақсатта 6,32 млрд текше метр су жіберілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

Судың босатылуы нәтижесінде Павлодар облысында 305 мың гектар жер суарылып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,5 мың гектарға көп болды.

Ертіс бассейндік инспекциясы 2025 жылдың тоғыз айында 58 тексеру жүргізіп, 52 әкімшілік айыппұл (25 млн теңге) салған. Сонымен қатар, Абай облысында Кіндікті мен Көкпекті өзендерінің 15 км учаскелері тазартылды.
 

Экологиялық су жіберу мал шаруашылығының жем-шөп қорын қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етеді, – деді Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлы.