$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Енді қазақстандықтар алғашқы жүргізуші куәлігіне өтінішті онлайн бере алады

23.10.2025ж. 22:00
Енді қазақстандықтар алғашқы жүргізуші куәлігіне өтінішті онлайн бере алады
фото: gov.kz

Енді жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын қазақстандықтар өтінішті «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы онлайн рәсімдей алады, деп хабарлайды Astana TV

 

«Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтаманың бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді», - деп мәлімдеді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

Өтініш жібергеннен кейін теориялық және практикалық емтихандарға өзіңізге ыңғайлы уақытқа жазылуға болады. Мемлекеттік баж емтиханды сәтті тапсырған соң мамандандырылған ХҚКО бөлімінде төленеді.

Пилоттық жоба 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.