$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ресейде дәрі-дәрмек таусылуы мүмкін

23.10.2025ж. 22:41
Ресейде дәрі-дәрмек таусылуы мүмкін
фото: pixabay

Ресейде қоймада сақталған дәрі қоры тоғыз айда таусылуы мүмкін,-деп хабарлайды Astana TV.

Қазақстан телеарнасының ақпаратынша, мамандар санкция салдарынан қатты зардап шеккен фармацевтика саласында дағдарыс басталғанын айтады. Логистиканың бұзылуынан қажетті техника, құрал-жабдық пен дәрі шығаруға шикізат жоқ. Әсіресе АИТВ (ВИЧ) және С гепатитін емдеуге арналған препарат тапшы. Сонымен қатар, дәріханалар көптеп жабылуда. Өйткені маман жетпейді. Үкімет енді почта қызметкерлеріне де дәрі сатуға рұқсат беру туралы мәселені қарауда. Алдымен олар 72 сағат оқуы тиіс. Бұл жаңалықтан соң фармацевт саны 20 мыңға азайып, дәрі тағы қымбаттады. 

Бағасы қолжетімді дәріні сату фармацевтикалық компаниялар үшін тиімсіз болып кетті. Өйткені логистика жоқ. Сондықтан арзан бағаға дәрі табу мүмкін емес. Қымбат препараттардың өзі 15-20, тіпті 30 пайызға қымбаттады. Бұл бағаны дәріханалар қоймайды, өндірушілер құнын шарықтатып жіберді,-дейді Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының атқарушы директоры Виктория Преснякова.