$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Риддерде жанып жатқан пәтерден ер адам құтқарылды

23.10.2025ж. 17:43
Риддерде жанып жатқан пәтерден ер адам құтқарылды
фото: pixabay

ШҚО Риддер қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты,-деп хабарлайды Astana TV.

 Өрт сөндірушілер түтін басқан пәтерден үй иесін аман алып шығып, оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

 Өрт 10 шаршы метр аумақта өшірілді.
 

Төтенше жағдайлар қызметі өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды және отпен абай болуды ескертеді.