$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мектепте 20 бірінші сынып оқушысы мен 2 мұғалімді аса ірі және улы ара шағып алды

23.10.2025ж. 18:15
Мектепте 20 бірінші сынып оқушысы мен 2 мұғалімді аса ірі және улы ара шағып алды

Бейсенбі күні Токионың Омэ қаласындағы бастауыш мектеп аумағында 20 бірінші сынып оқушысы мен екі мұғалім аса ірі және улы араның шағуынан зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Japan Today басылымына сілтеме жасап.

Asahi телеарнасының хабарлауынша, оқиға шамамен таңғы 9:30-да Имаи бастауыш мектебінің аумағындағы ферма жанында болған. Білім кеңесінің мәліметінше, табиғаттану сабағында екі бірінші сынып оқушысы жерге түскен жапырақтарды жинап жүрген кезде аралар шағып алған. Кейіннен аралардың ұясы ферманың жер астында орналасқаны анықталды.

Барлығы 22 адам жеңіл жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек алды.