$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда қоқысқа толы пәтерде тұрған екі бөбек қауіпсіз жерге көшірілді

Атырауда қоқысқа толы пәтерде тұрған екі бөбек қауіпсіз жерге көшірілді

Атырауда  күл-қоқысқа толы пәтерден екі кішкентай бала табылды. Олар қауіпсіз жерге көшірілді. Ал пәтердегі тау болып үйілген қоқысты «Арнаулы автобаза» мамандары кешелі-бері шығарып, тауыса алмай жатыр. Кем дегенде 7-8 КАМАЗ толады,- дейді. Әлсін-әлсін дизенфекция жасауда.  Ішінен техникалық бұйымдардан бастап, тамақ қалдықтары, тіпті  малдың басы-сирағы мен терісі де шыққан. Іріп-шіріп жатқан пәтерде  құрт-құмырсқаның неше түрі өріп жүр. Қолқаны қапқан иістен подъезге бас сұғудың өзі мүмкін емес. Пәтер  иесі 50 жастағы ер адам екінші әйелімен бірге тұрған. Жаздан бері қызы  күйеуімен  ренжісіп, екі баласымен осы үйді паналап жүр екен. Орталық мамандары алып кетуге келгенде үстерінде жәндік өріп жүрді,- дейді.

ШОЛПАН ҚОҢЫРОВА, ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Азаматтарды өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық мекемесіне уақытша орналастырылды. Сондай-ақ кәселетке толмаған екі баланы полиция басқармасының қызметкерлерімен сәбилер үйіне, екінші баланы Атырау облысы кәселетке толмағандарды бейімдеу оратлығына орналастырылды.

Жағымсыз иіске тұншыққан көршілері бұған дейін бірер мәрте  полицияға шағымданған көрінеді. Құқық қорғаушылардың оған неге назар аудармағаны анықталып жатыр. Ал кеше  бұл үйден су кетіп, екінші қабаттағы көршілері ескертуге келген.   Есікті ешкім ашпаған соң, полиция шақырып, осындай жағдайдың үстінен түскен.Қазір азаматтардың құжаттары түгенделіп, денсаулығы тексеріліп жатыр.