$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Енді бүлдіршіндерді балабақшадан бастап жұмысқа салады

23.10.2025ж. 19:00
Енді бүлдіршіндерді балабақшадан бастап жұмысқа салады

Елде жұмысшы іздегендер де, жұмыссыз жүргендер де көп. Соңғы жылдары қызметкер таппай қиналып жүрген мекемелер саны артқан. Мәселен, enbek.kz платформасында 200 мыңнан аса маманға сұраныс бар. Айлық аз дейін десең, беретін жалақысы 300 бен 400 мың теңге шамасында. Соған сай бір қолға бір күрек таппай жүргендер саны да артқан. Сонда іссіз жүргендер бұл ақшаны місе тұтпай ма? Тақырыпты әріптесім Аружан Задабек «Өзекті» айдарында тарқатады.

Қайырлы кеш, көрермен! Өзекті тақырыптарды бірге тарқатамыз. Экраннан алыс кетпеңіз.

Елде 448 мың адам жұмыс таппай жүр. Ал кәсіпорындарда 200 мыңнан аса маман тапшы. Осыдан кейін сұрақ туындайды: жұмыс бар, жалақы бар, ал халық неге жұмыссыз? Мамандар мәселе тек жалақыда емес дейді. Көп азамат ұсынған қызметтің шартына, орналасқан жеріне, не болмаса әлеуметтік мәртебесіне көңілі толмайды. Кейбірі білімі мен біліктілігіне сай қызмет таппайды. Тағы бірі еңбек етуге емес, жеңіл табыс көзін іздеуге бейімделген.

БЛИЦ:

- Вакансия барына бар. Бірақ жұмыс өтілі 2-3 жыл керек деп алмайды. Одан бөлек жоғары білімі бар болса да анау-мынау деген сылтау көп.

- Жұмыс таппаймын дегені несі? Жұмыс істейтін жігіт таппай жүрсем.

- Жұмыс көп қой істеймін деген адамға. Үйдің жұмысына уақыт жеткізе алмаймыз ғой осы.

Айлық бар. Жұмыс бар. Бірақ жұмыс істегісі келетіндер аз. Мамандар бұл тек еңбек нарығының мәселесі емес, бұл – тәрбиенің кемшілігі дейді. Себебі еңбекқорлық бала кезден қалыптасады. Бұрынғы буын жақсы біледі, мектепте еңбекке баулитын сабақ болды. Ол тек теория емес, нағыз өмір мектебі еді. Оқушылар егін егіп, өнім жинап, қолмен жұмыс істеуді үйренетін. Сөйтіп, әр бала өз еңбегінің бағасын біліп өсті. Бір шелек картоп терсе де, оның артында маңдай тер бар екенін сезінетін. Қазір де еңбекке баулу сабағы бар. Бірақ ол көбіне формалды сипатқа айналған. Бала партаның ар жағында отырып, тек қағаз жүзінде “еңбек туралы” оқиды. Жауаптылар мұны барынша шешуге тырысып-ақ жатыр. Енді Қазақстанда бүлдіршіндерді балабақшадан бастап жұмысқа салатын бағдарлама басталды.

БЛИЦ:

- Ол неге жетеді? Бүкіл қазақ кредитте отыр.

- Артылып қалатын болды ғой. Қалғанын қайда жұмсаймын?

- Ең төменгі айлықты 185 мың жасау керек еді.

Депутаттар ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мыңға дейін көтеруді ұсынып отыр. Қазір елде 1,1 млн адам 85 мың теңге күн көріп жүр. Халық қалаулылары мұны өзгертетін кез келді дейді. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі келер жылы төмен айлық 99 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін екенін айтқан еді.

БЛИЦ:

- Баланы еңбекке, қол өнерге үйрету керек. Керек пән. Өмірге қажеті көп.

- Еңбек сабағы 2 сағат ұлдарға, 2 сағат қыздарға болған. Қазір 1 сағат ұлдар, 1 сағат қыздар. Сурет, сызу осы сабаққа кіреді. Бұрыңғы сағатты қайтарып берсе деп тілеймін.

Құрметті көрермен, бүгінге осы. Келесі кездескенше.