$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әлемдік ғалымдар мен сарапшылар Алматыда бас қосты

23.10.2025ж. 19:00
Әлемдік ғалымдар мен сарапшылар Алматыда бас қосты

Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден келген танымал ғалымдар мен сарапшылар Алматыда бас қосты. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Мемлекеттік егемендік туралы декларация және қазіргі Қазақстан: сын-қатерлері, жетістіктері және тұрақты дамудың ауқымы» тақырыбы арқау болды.

Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық конференция әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтті. Көршілес елдерден жиналған сарапшы, ғалымдар мемлекет тарихына көз тастай отырып, оның қазіргі жағдайы мен болашағын, әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен Қазақстанның саяси жүйесінің қалыптасуы жайлы өзара әңгіме өрбітті.

УӘЛИХАН АХАТОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, ПРОФЕССОР:

Өзбекстан, Қырғызстан және  Ресейден үлкен ғалымдар келіп жатыр. Біздің Қазақстанның осы 35 жылдық декларацияның тарихындағы жеткен жетістіктері, оның біздің тарих үшін маңызы, рөлі туралы сараптама жасап жатыр.

Бұдан бөлек, Қазақ ұлттық университетінде «Бояудағы болашақ» атты шығармашылық плэнер ұйымдастырылды. Суретшілер қиялдарына ерік беріп, оқу орнының жасанды интеллект дәуіріндегі дамуы мен болашақтағы кескінін бейнелейді. Бұл байқаудың мақсаты – студенттердің цифрлық ойлау және визуалды экспрессия қабілеттерін арттыру.

ТОҚҚОЖА ҚОЖАҒҰЛОВ, Т. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ:

Университетте дизайн кафедрасы бар. сол дизайн кафедрасының студенттері жасанды интеллектке байланысты жұмыс жасап жатыр. Табиғи бұрынғы салып жатқан суреттер қалай болады, ал енді жасанды интеллектпен салған қандай болады?

Айта кетейік, ашық аспан астындағы сайысқа 15-тен аса суретші қатысып, 30-ға жуық шығармашылық туынды қабылданды. Бақ сынаған қылқалам шеберлерінің жұмысына 3 әділқазы баға береді. Жеңімпаздардың еншісі – ақшалай сыйақы болмақ.