$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда өткен «Чемпиондық рух» таңғы жаттығуына үш мыңнан аса адам қатысты

23.10.2025ж. 19:00
Алматыда өткен «Чемпиондық рух» таңғы жаттығуына үш мыңнан аса адам қатысты

«Чемпиондық рух» жобасы қарқынды жалғасып жатыр. Алматыда өткен кезекті спорттық шара үш мыңға жуық жастың басын біріктірді. Бұл жолғы таңғы жаттығу Республика мерекесімен тұспа-тұс ұйымдастырылды. Студенттер Олимпиада чемпиондарына қарап бой түзеп, таңғы жаттығуда спорттық дағдыларын дамытуға деген қайтпас қайсарлықтарын көрсетті. Айта кетейік, «Чемпиондық рух» жобасының нәтижесінде бұқаралық спортқа қызығып, салауатты өмір салтын берік ұстануға құлшынысы артқан жастар саны көбейіп келеді.

НҰРСҰЛТАН ОРЫНБАСАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «ЧЕМПИОНДЫҚ РУХ» ЖОБАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ:

«Чемпиондық рух» жобасы осы жастардың арасында өте қарқынды шаралармен өтіп жатыр, дамып жатыр. Жастарға өте қызық өтіп жатыр, себебі бұл жақта жастардың форматында танымал спортшылардың қатысуымен өткендіктен, жастар осы «Чемпиондық рух» жобасын асыға күтуде.