$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі: тарих, қазіргі кезең және дамудың жаңа қырлары

AstanaTV
23.10.2025ж. 19:00
Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі: тарих, қазіргі кезең және дамудың жаңа қырлары

Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай Елордада халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шара ұлттық мемлекеттілікті нығайту, әділетті Қазақстанды құру, елдегі саяси институттардың эволюциясы, зияткерлі тарих пен қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын дамыту мәселелері бойынша пікір мен идеялар алмасуға мүмкіндік берді. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.

ЕРКЕБҰЛАН ЖҰМАШЕВ, МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл халықаралық ғылыми практикалық конференцияға 300-дей ғалымдар қоғам қайтаркерлері мемлекеттік лауазымды тұлғалар қатысуда, бұл конференция да осы Қазақстанның егемендігі тәуелсіздік жылдарындағы жалпы өткен тарихын рефлексиядан өткізу оны жалпы бағалау осы мақсатында ұйымдастырылып отыр.