Атырауда аутизмі бар балалардың ата-аналарына арналған психологиялық тренингтер жиі ұйымдастыралады. Өйткені ерекше бала денсаулығымен күресте қоғамның барлық өкілдерінің көмегі керек- дейді мамандар.
Аймақта 302 аутистік спектор бұзылысы бар бала тіркелген. Олар 1 оңалту орталығы мен 9 кабинетке барады. 71 ерекше балаға арналған оңалту орталығында күндізгі, жартылай күндізгі және жеке топтарда қабылдайды. Мұнда ерекше балалар жылына екі мәрте тегін бағдарламадан өтеді: қарапайым нұсқауларға дағдыланады, өзі отырып тамақ ішуді үйренеді. Қоғамның өзге мүшелерімен бірге өмір сүруге үйретуге барынша тырысамыз,- дейді мамандар.
АНАРГҮЛ ҚҰБЫЛБАЕВА, БАЛАЛАР ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Ата-аналарына психологиялық кеңестер беріледі, психологиялық тренингтер ұйымдастрылуда. Және де ашық есік күрдері ұйымдастырылуда. Ал медициандық оңалту жөнінде біздің медицинадық қызметкереріміз ата-аналарға бөлек отырып, баламен қалай жұмыс жасау керектігін практика жүзінде көрсетеді.