Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Дариға Назарбаева көшеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуіне орай пікір білдірді

AstanaTV
30.11.2017ж. 20:00
3256
Дариға Назарбаева көшеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуіне орай пікір білдірді

Сенат депутаты Дариға Назарбаева Алматыдағы Фурманов көшесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуіне орай пікір білдірді. Сенатор өзіне сұрақ қойған журналистерге «бұл жаңалықты жаңа ғана естідім» деп жауап берді.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты бұл сұраққа жауап беру мен үшін қиын. Бірақ елін сүйетін азамат ретінде, тәуелсіздіктің 25 жылында жеткен жетістіктеріміз үшін мақтана отырып, бұл шешімді дұрыс деп санаймын. Ал біздің бүгінгі өміріміз бейбіт әрі тыныш болғаны үшін, Ұлт көшбасшысы үлкен құрметке лайық. Мен жаңа ғана естідім. Сондықтан бұл «төменгі» жақтан айтылған бастама сияқты көрінеді.