$541.34 €640.73 ₽6.53
×

24 қазан – Кітапханашылар күні!

24 қазан – Кітапханашылар күні!

Кітапханашы – әр оқырманға білімнің, мәдениеттің, рухани байлықтың есігін ашатын баға жетпес тірек. Ол оқырмандарды ізденуге, кітап оқуға, ойлы пікір қалыптастыруға жетелейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітапханашылар мен кітапханалардың жағдайына ерекше назар аударып келеді. Президент өз сөзінде еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталатынын, сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайтынын атап өткен еді.

«AMANAT» партиясы осы бағытта нақты әрі жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеру, отандық авторлар мен баспагерлерді қолдау шаралары жүзеге асырылуда. «Кітап–AMANAT» жобасы бойынша ел аумағында 24 орталық ашылды. Сондай-ақ партия бастамасымен жаңа Салық кодексіне отандық кітаптар мен оларды басып шығару қызметіне қосылған құн салығынан босату жөніндегі норма енгізілді. Алдағы уақытта да кітапханашылардың кәсіби дамуына жағдай жасау және кітапхана қызметінің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табады.