$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында 9 айда 8 қаржылық пирамида анықталды

Атырау облысында 9 айда 8 қаржылық пирамида анықталды

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2025 жылдың 9 айының қорытындысын жариялады.

 60 қылмыстық іс қозғалды, 24-і аяқталып, 22-сі сотқа жолданды.

 Залал көлемі — 1,5 млрд теңге, оның 964 млн теңгесі қайтарылды.

 Мүлік арестін ескергенде мемлекетке қайтарылған жалпы сома — 3 млрд теңгеге жуық.
 Облыста 8 қаржылық пирамида анықталып, 2000-нан астам адам зардап шеккен.

 Күдіктілердің есепшоттарынан 102 млн теңге бұғатталды, 117 мың қорап акцизсіз темекі мен вейптәркіленді.

 Сонымен қатар, жалған шот-фактуралар арқылы 8 млрд теңгеден астам салықтан жалтару деректері тіркелген. Кінәлілер 2–4 жылға бас бостандығынан айырылды.

 «Киберқадағалау» жүйесі арқылы 3135 интернет-сілтеме анықталып, 2364-і бұғатталды.