Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Қазагро» мен «Азық-түлік корпорациясын» тексеру барысында қосымша салық өндірілді - МКК

AstanaTV
30.11.2017ж. 20:00
1738
«Қазагро» мен «Азық-түлік корпорациясын» тексеру барысында қосымша салық өндірілді - МКК

«Қазагро» мен «Азық түлік корпорациясын» тексеру барысында қосымша салық өндіріліп алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында экономикалық тергеу комитеті басшысының орынбасары мәлімдеді. Сондай-ақ ол "Қазақстан үкіметінің өкілі Парижден 65 миллион еуро пәтер сатып алды" деген ақпаратқа орай баспана қожайынын анықтау ісінің жүріп жатқанын айтты. Салықтан жалтарып, офшорлық схемаларды пайдаланған бірнеше азаматың ісі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр деді. Айта кетейік, соңғы уақытта экономикалық қылмыстар санының едәуір азайғаны байқалады дейді мамандар. 

Қонысбек Ибраев, ҚР ҚМ МКК экономикалық тергеу қызметі басшысының орынбасары:

Экономикалық қылмыс 2 есе қысқарды. Бірақ қылмыс жасалып жатқан жоқ деп айтуға келмейді. Себебі бүгінгі талап бойынша біз сома бойынша шығын келгенде қылмыстық іс қозғаймыз. Талап бойынша залал 20 мың көрсеткіш болу керек, сонда ғана қылмыстық іс қозғаймыз.