$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа спорт кешені ашылды

Жаңа спорт кешені ашылды

Республика күніне орай Атырау облысы Таңдай ауылында 150 адамға арналған заманауи «Таңдай» спорт кешені пайдалануға берілді.

Кешеннің жалпы ауданы — 2077 м², спортпен қамтылатын бала саны — 400-ге жуық. Мұнда футбол, волейбол, баскетбол, бокс, дзюдо, қазақ күресі және тоғызқұмалақ секциялары жұмыс істейді.

«Жаңа кешен ауыл жастарына спортпен шұғылдануға серпін береді. Ұлттық және олимпиадалық спорт түрлерін дамыту жалғасады»,-дейді  Нұрбол Сыдықов.

Жоба Атырау облысы Құрылыс басқармасының тапсырысымен салынды.