$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Республика күніне арналған «Менің елім - менің туым» акциясы Таразда жалғасты

AstanaTV
24.10.2025ж. 19:00
Республика күніне арналған «Менің елім - менің туым» акциясы Таразда жалғасты

Республика күніне арналған «Менің елім - менің туым» акциясы Таразда жалғасын тапты. Белсенді жастар шаһардағы  ең ірі көшелердің бойындағы тұрғын үйлердің сыртына, биік ғимараттарға ту ілді.  Бұл патриоттық шараға «АМАNАТ» партиясы «Жастар рухы» жастар қанаты және жастар орталығының белсенділері бірікті. Олар тудың тұғырын биік етіп, елдің елге деген сүйіспеншілігін арттырмақ. Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бұл акция барша азаматтардын рухын көтеріп, туға деген құрметін күшейтпек.

ҚАРАҚАТ ТҰРСЫНҚАН, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ:

Бұл шараның басты мақсаты өзіміз сияқты жастардың еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды отан сүйгіштік пен патриоттық рухқа тәрбиелеу. Біздің сеніміміз, әрбір жастың жүрегінде туған еліне деген мақтаныш пен құрмет оты маздауы тиіс.