$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жастар өткенге көз жүгіртіп, болашаққа бағыт алды

Жастар өткенге көз жүгіртіп, болашаққа бағыт алды

Астанада политехникалық колледж студенттері Сәкен Сейфуллин музейіне экскурсия жасады. «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен шарада қатысушылар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сәкен Сейфуллиннің өмірімен танысты. Іс-шараның мақсаты - жастардың отансүйгіштік сезімін арттырып, тарихи тұлғаларға деген құрметті қалыптастыру.

ДИАС ТҮГЕЛБАЙ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өскелең ұрпақ ата-бабаларымыздың, ғалымдарымыздың тарихын терең танып-білуіне мүмкіндік бергіміз келді. Алдағы уақытта біз Ұлттық музейге де экскурсия өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұндай шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады. Менің ойымша, бұл бастама жастардың отансүйгіштік рухын арттырып, олардың жүрегінде елге деген мақтаныш сезімін ұялатады.