Бишімбаевтың
ісіне қатысты бірнеше куәгер сот процесіне мәжбүрлеп жеткізілетін болады. Бұл туралы мемлекеттік айтыптаушы хабарлады. Прокурор Сәуле Сыдықованың
айтуынша, осы жайт бойынша арнайы қаулы шығарылған.
Айта кетейік, бірнеше
азамат олардың қатысуынсыз куәліктерін оқып шығуды сұрап өтініш жолдаған. Бүгін
атышулы іске қатысты зерттеу процесі жүргізілді. Ол аяқталған соң экс-министр
Қуандық Бишімбаевтан жауап алынатын болады.