$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қайтыс болғандардың атын пайдаланып, бюджет қаражатын жымқырған

AstanaTV
24.10.2025ж. 19:00
Қайтыс болғандардың атын пайдаланып, бюджет қаражатын жымқырған

Ақтөбеде психикалық денсаулық орталығы қайтыс болған және басқа өңірлерге көшіп кеткен азаматтарды есептен шығармай, олардың аты-жөнін пайдаланып, бюджет қаражатын жымқырған. Прокуратура есірткі қылмыстарына қатысты деректерді талдау барысында орталықта тіркеуде тұрған есірткіге тәуелді 205 адамның жағдайын тексерген. Нәтижесінде сол адамдардың бір бөлігі бұрын қайтыс болып кеткені немесе басқа аймақтарға көшіп кеткені белгілі болған. Соған қарамастан, мекеме оларды тіркеуде қалдырған.  Осы жасанды есептің негізінде «ем қабылдайды» деген желеумен бюджеттен 2,5 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, орталықтың есепшотына аударылған.Қазір орталықтағы тіркеу жүйесін қайта қарау және есептілікті оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ӨРКЕН ЕЩАНОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджет қаражаты кері қайтарылып, 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура органдары денсаулық сақтау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.