$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда Қылмыстық кодекстің жаңа нормасы бойынша алғаш рет күдікті қамауға алынды

Алматыда Қылмыстық кодекстің жаңа нормасы бойынша алғаш рет күдікті қамауға алынды

Алматыда  Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа норма аясында алғаш рет күдікті қамауға алынды. Бұл өзгеріс дропперлер өздерінің банктік немесе тіркеу деректерін бөгде адамдарға беріп, заңсыз қаржылық операцияларға қатысатын тұлғалар — үшін 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап күшіне енген еді. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жеке кәсіпкер өз атына тіркелген деректер мен QR-кодты белгісіз адамдарға беріп, сол арқылы алаяқтық схемасына қатысқан. Тергеу барысында бұл деректер арқылы заңсыз ақша аударымдары жасалғаны анықталды. Нәтижесінде күдікті әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.