$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп жарнамаға ренжіп, Канадамен байланысты үзді

Трамп жарнамаға ренжіп, Канадамен байланысты үзді

Канададағы жарнамаға ренжіген Трамп, көршісімен тарифтер туралы келісімді тоқтатып тастады. Ең сорақысы, барлық сауда-саттық экономикалық байланысты да үзді. АҚШ Президенті Ресейге де шүйлікті. Осы уақытқа дейін санкцияға ілінбей жүрген ірі мұнай-газ компанияларына қарсы санкция енгізді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Жарнамаға ренжіп, жүздеген жыл байланысты үзіп тастады. Трамп көпшілікті тағы таңқалдырды. Канада штаттарының бірінде АҚШ бұрынғы Президенті Рональд Рейганның сауда салықтары туралы айтылған сөзін теледидардан көрсеткен. Жауап ретінде Трамп, тарифтерді жеңілдету туралы келіссөздерді тоқтатып тастады. Канада басшысы да сауда-саттық осымен тоқтады, - дейді.

МАРК КАРНИ, КАНАДА ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Канада мен АҚШ арасындағы жүздеген жылға жалғасып келе жатқан бекем байланыс, одақтастық – барлығы келмеске кетті. Сауда-саттығымыз енді ешқашан бұрынғы деңгейге қайта оралмайды. АҚШ-қа экспортқа бейімделген өндірістеріміз қатты зардап шегеді. Бірақ, оларға басқа нарық табу үшін еңбек етеміз. Қайтсек те, экспортымызды екі есе өсіру жоспарымыздан таймаймыз.

Трамп Ресейдің ірі мұнай-газ компанияларына қарсы санкция енгізді. Тіпті, олардың ішіндегі кішігірім компаниялар да зардап шекті. АҚШ Президенті өзінің басқа амалы қалмағанын айтты.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен бір Ресей компанияларын, халқын кедейлендірейін деген пиғылым жоқ. Мұнайдан түскен ақша соғысты қаржыландыруға жұмсалады. Сондықтан, ақша азайған сайын, соғыс тоқтайды ма деген үміт басым.

Трамп, Ақ үйдің шығыс қақпасын бұзып жатыр. Ол жерде өзі жоспарлаған үлкен мейрамхана салмақшы. Осыған байланысты дау туды. Оған, Үкімет рұқсаты керек десе, Президент әкімшілігі қажет емес екенін алға тартты.