Республика күні қарсаңында Жетісу облысында сегіз жаңа медициналық нысан ашылды. Жобалар Мемлекет басшысының ауылдарда медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру тапсырмасы аясында жүзеге асты.
Фельдшерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар елге қайтарылған активтер есебінен салынған. Жаңа нысандар Ескелді, Панфилов, Ақсу, Көксу, Қаратал және Алакөл аудандарында пайдалануға берілді. Бұл жобалар төрт мыңнан астам ауыл тұрғынын сапалы медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.
ЕРЛАН ҚАСЫМБАЕВ, АЛАКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
ҚР Прокуротурасы органдарымен қайтарылған активтер есебінен Жетісу облысында 14 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Бұл өз кезегінде біздің халқымыз үшін өте пайдалы өз көмегін тигізеді. Халқымызға осы жерде қаралуына үлкен үлесін қосады деп сенеміз.