Ақпарат айдынында хабар таратып, жаңалықпен көрерменге жаршы болып келе жатқан "ХАБАР" агенттігіне 30 жыл. 1995 ші жылы алғаш рет көгілдір экранға шығып, 5 сағатқа жуық хабар таратқан арна, бүгінде еліміздегі алпауыт медиаға айналған.
"Хабар" елдің түрлі тағдырлы сәттеріне куә болып, ұлт үнін асқақтата білді. «Хабар» жұмысын бастаған сәттен-ақ ақпаратты шұғыл жеткізуге басымдық беріп келеді. Отандық телеарналар арасында тұңғыш рет онлайн-қосылу, breaking news және телекөпір сияқты инновациялық әдістерді қолданысқа енгізді.
ДАНИЯР МЕҢІЛБЕКОВ, «ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Хабар 2 қазақ тіліндегі хабар тарататын арна ашылды,кейіннен ел арна болды, ҚАЗАҚ ТВ шетелге ағылшын,қазақ орыс тілінде хабар тарататын арна болды,құрамында радио болған кезеңдер болды.Міне осындай үлкен жолдан өтті.
Ұрпақтар сабақтастығын жалғап, талай теливизияның бұлбұлымен дүлділін эфирге шығарған Хабар арнасы күн сайын жаңалық жазып елдің жаршысына айналамын деген жас мамандарға мүмкіндік береді.
МӨЛДІР ЖАҚАН, "24KZ" АРНАСЫНЫҢ ТІЛШІСІ:
Менің бала күнгі арманым десем болады.бұл арнадан біздің талай мықты журналистеріміз талай аға әпкелеріміз түлеп ұшты,талай мықты кадрларды дайындаған беделді арна. Сондықтан мен үшін де алдағы уақытта жаңа мүмкіндіктер жаңа бір белестер сыйлайды деген үміттемін.
Ел дамуының барлық тарихи тамырын баяндаған, сан мың оқиғаның дәуір шежіресін жазған "Хабар" Агенттігінің 30 жылдық мерейлі белесі! 30 жыл – бұл жай ғана жылнама емес. Бұл – Қазақстанның тәуелсіздікпен бірге қалыптасқан сара жолының айнымас сенімді серігі, әр қазақстандықтың үйіндегі ақпарат шамшырағы болған кезең.