Алматы облысы Кеген ауданында табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында кең көлемді көгалдандыру акциясы өтті. Шара аясында аудан аумағында 5000-ға жуық түрлі ағаш көшеті егілді. Акцияның мақсаты – аудан аумағын көркейтіп, жасыл аймақтарды көбейту арқылы экологиялық тепе-теңдікті сақтау және тұрғындар арасында туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру дейді ұйымдастырушылар.
НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ, КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Еңбектеген баладан, қартайған қартқа дейін барлығы атсалысып, осы жасылдандыру, ағаш егу акциясына бәрі толығымен мекемелердің барлығы қатысып, өз үлестерін қосып жатыр. Бұл ағаштардың барлығы көбінесе демеушілермен, әсіресе Кеген орман шаруашылығы мекемесінің қолдауымен осындай аудан көлемінде үлкен, ауқымды жұмыс атқарылып жатыр деп айтуға болады.