$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында «AMANAT» партия мүшелері шағын футболдан турнир өткізді

Түркістан облысында «AMANAT» партия мүшелері шағын футболдан турнир өткізді

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен Республика күніне орай шағын футболдан «AMANAT CUP» дәстүрлі турнирі өткізілді. Биылғы жарыс – Бастауыш партия ұйымдарының жылына арналып, оған аудан, қалалардың атынан жасақталған 17 команда қатысты.   «AMANAT CUP» жобасы – партияластар арасындағы достық көпірін нығайтып, ортақ идея мен көзқарасты біріктіретін ізгілікті бастама. Мұндай шаралар тек спорттық рухты емес, партиялық бірлікті, елдік жауапкершілікті қалыптастырады.

АЛТЫНСАРЫ ҮМБЕТӘЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл облыстық турнирдің негізгі мақсаты – бұл партия мүшелерінің ынтымақтастығын, достығын арттыратын жағдай деп ойлаймыз. Бұл республика күніне орай өткізіп жатырмыз. Біз енді тағы осыны жалғастырамыз. Дәстүрлі түрде өтетін болады. Бұдан кейін біз ауыл әкімдерінде осындай өткізетін боламыз.