Тұңғыш рет үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы өтеді. Халықаралық дәрежедегі дүбірлі дода Республика күніне орайластырылып отыр. Елордада соңғы әлем чемпионаты мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бақ сынайды. Қазақстандық теннисшілер де жүлдеге таласпақ. Айта кетейік, әлемдік үстел теннисі жұлдыздарының қатысуынан бөлек шоу-матчтар да жоспарланып отыр. Сенбі күні басталатын бәсекеге жанкүйерлер үшін кіру -тегін.
СЕРІК ЖАРАСБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ең бастысы, осы жарыстың мақсаты – үстел теннисін дамыту. Осы үстел теннисіне жасөспірімдердің, балалардың назарын аудару, олардың арасында насихаттау.