$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 25–27 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Синоптиктердің болжамынша, бірнеше күн бойы сақталған ашық әрі құрғақ ауа райынан кейін демалыс күндері Қазақстан аумағына атмосфералық фронттар келеді. Соның әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, түнде жаңбырдың арты қарға ұласады. Сонымен қатар жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.