$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада кәсіпкерлік нысандарын негізсіз тексеру тыйылмай тұр

Қызылордада кәсіпкерлік нысандарын негізсіз тексеру тыйылмай тұр

Жыл басынан бері Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден бизнесті қорғау бағытында 321 өтініш түсті.

Соның 36%-ы оң шешімін тауып, кәсіпкерлердің 1,4 млрд теңге көлеміндегі мүліктік құқықтары қорғалды. Арыз-шағымдардың басым бөлігі мемлекеттік сатып алу, құрылыс, сәулет және ауыл шаруашылығы салаларын қамтыды.

- Сарапшыларымыз осы кезге дейін 14 сот процесіне қатысты. Оның 12-сінде сот кәсіпкерлердің пайдасына шешім шығарды. Сондай-ақ олар 93 млн теңге қаражатын сақтап қалды. Өтініштерге талдау жасау кезінде белгілі болғаны, 49 арыз бойынша мемлекеттік органдар рұқсат беруді рәсімдеу барысында заңнамада қаралмаған қосымша құжаттарды талап еткен. 47-сінде кәсіпкерлердің арызына салғырт қараған. Өтініштердің 40%-ы кәсіппен айналысатын азаматтардың заң талаптарын толық білмейтінін көрсетті, - деді палата директоры Пірмұхаммед Сыздық.