$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мереке күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді

Мереке күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді

 25 қазан-сенбі күні  халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлады  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Ал 27 қазан- дүйсенбі күні кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған орталықтар ғана жұмыс істейді.

Кәдімгі ХҚКО-ларда азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда – 9:00-ден 12:00-ге дейін жүргізіледі. Құжаттарды беру процесі мамандандырылған орталықтарда 13:00-ге дейін жалғасады.

28 қазаннан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалыпты жұмыс тәртібіне оралады.