Республика күні – ұлттық мереке. Бұл күн – егемен ел болуға бастаған тарихи сәттің және тәуелсіздіктің символы. Биыл егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл. Бұл белесте әрбір қазақстандықтың үлесі бар.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Республика күні- бұл еліміздегі маңызды мерекелердің бірі. Себебі бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, еліміздің патриоты болуға қадам жасайды.
- Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
- Мен голландиялықпын. Қазақстанда 10 жылдан бері жұмыс істеймін. Мен үшін Республика күнінің мәні зор. Бұл ел маған көп мүмкіндік берді.
- Бұл мереке елге де, халыққа да маңызды. Біздің еліміз дамып, әрқашан көркейе берсін.