$441.88 €503.61 ₽5.24
×

Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

AstanaTV
26.10.2025ж. 09:08
Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.