БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 25 қазан күні шамамен сағат 18.55-те Атырау-Озинки жолының 22-шақырымында Бәйтерек ауданы Болашақ ауылы тұсында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша «Lada Granta» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, «CHANGAN X5 PLUS» автокөлігімен соғысқан.
-Жол апаты салдарынан «CHANGAN X5 PLUS» автокөлігінің жолаушылары түрлі жарақат алды. Барлығы 6 адам зардап шегіп, олар Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады БҚО полиция департаменті.