Бүгін таңертең БҚО өрт сөндірушілері екі қабатты дәмхана және оған жапсарлас салынған дүкен шатырының жануы орын алған өртті сөндіруге жоғарғы рангі бойынша Бәйтерек ауданы Достық ауылына шықты.
Өрт ошағын анықтап, оның ықтимал таралу жолдарын есептей отырып өрт сөндіру бөлімшелері бір уақытта бірнеше жақтан лафет оқпандарын беріп, ғимараттың бірінші қабатына және дүкеннің ішкі орын-жайына жалынның таралуына жол бермей, өртті жалпы ауданы 450 шаршы метр алаңда сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.