28 қазанда магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау және докторантураға түсу емтиханына құжаттарды қабылдау басталады.
Ол ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы өтеді.
КТ-ға өтініш беру 2025 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.
Ведомствоның дерегінше, шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бейінді магистратураға түсушілерден құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен жүзеге асырылады.
— Тестілеудің өзі қараша-желтоқсан айларында өтеді. Өтініш беру кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. Түсушілер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (10 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру қаласын өзгерту бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады. Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы мен тестілеу тапсыру қаласы өзгертілмейді. Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде ағымдағы жылғы 14 қарашада қолжетімді болады, — делінген хабарламада.