Лувр мұражайында болған ұрлыққа байланысты жүргізіліп жатқан тергеу аясында Руасси – Шарль-де-Голль әуежайында бір адам ұсталды, - деп хабарлады France Inter. Күдікті Алжирге ұшатын рейске мінбек болған.
«Екінші күдікті де қамауға алынды. Жалпы, Париждегі мұражайдың Аполлон галереясында болған ұрлық ісі бойынша төрт адам іздестірілген еді», - делінген хабарламада.