Биыл ел біріншілігінде соңғы турға дейін жеңімпаз анықталған жоқ. Бас жүлдеден алматылық «Қайрат» пен елордалық «Астана» негізгі үміткер болды. Доп додасының бітуіне бір тур қалғанда «Қайрат» 58 ұпаймен бірінші орында, ал «Астана» 56 ұпаймен екінші орында тұрды.
Бүгінгі матч 1:1 есебімен аяқталды. Астананың капитаны әрі жартылай қорғаушысы Марин Томасовтың голына 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев жауап қайтарды.
"Қайрат" қатарынан екінші рет және тарихында бесінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды. “Қайрат "2026/27 жылғы еуромаусымда УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп, жарысты алғашқы іріктеу кезеңінен бастайды.