$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әлеуметтік қолдау орталығына 38 мың астаналық жүгінген

26.10.2025ж. 22:40
Әлеуметтік қолдау орталығына 38 мың астаналық жүгінген
Фото: gov.kz

Биыл жыл басынан бері орталыққа 38 мыңнан астам адам жүгінді. Ең көп қойылған сұрақтар – әлеуметтік көмек көрсету, мемлекеттік қызметтер алу, құқықтық кеңес беру, жұмыспен қамту, психологиялық қолдау және құжат рәсімдеу бойынша сүйемелдеу.

Орталық мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және салалық қызметтермен белсенді өзара іс-қимыл жүргізеді. «Жанұя» базасында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді – түрлі ведомстволардың мамандары азаматтарға білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек және басқа да бағыттар бойынша кеңес береді.

Әлеуметтік тұрғыдан осал санаттарға ерекше көңіл бөлінеді, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, көпбалалы отбасыларды сүйемелдеу, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы түлектерді бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.

Жыл басынан бері орталық отбасылық құндылықтарды нығайтуға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған 50-ден астам мәдени-ағартушылық іс-шара өткізді.

Әлеуметтік қызметкер – жай ғана мамандық емес. Бұл үлкен төзімділікті, шынайы көмектесуге деген ниетті талап ететін өмірлік таңдау. Біздің орталық күн сайын мыңдаған қала тұрғынына қиын өмірлік жағдайдан шығу жолын табуға, білікті көмек пен қолдау алуға жәрдемдеседі. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру – негізгі міндеттердің бірі. Адамдармен тікелей жұмыс істейтін біздің мамандардың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Бұл жоғары жауапкершілікті және кәсібилікті талап ететін жұмыс», – деді орталық директоры Бақтияр Айтпаев.