“AMANAT” партиясының Қызылорда облыстық филиалы алаңында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында азаматтармен кездесу өтті.
Жиынға «Қарызсыз қоғам» жобасының Қызылорда облысындағы қаржы сарапшысы Балдырған Мамен, Қызылорда облысының экономика және қаржы басқарма басшысының орынбасары Дастан Баймаханов, «ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» РММ Қызылорда қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Ләззат Темірова, Қазақстан Заңгерлер Одағынының мүшесі, Заң консультанты, Дәулет Ізбасаров, медиатор Жақсыбай Жакеев қатысып, қаржылық сауаттылықты арттыру, қарыз жүктемесін азайту және жеке қаржыны басқаруда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, алаяқтықтан қорғану, медиация тақырыптары аясында жан – жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы өңірде белсенді түрде жұмыс істеуде. Жоба өз тиімділігін дәлелдеп, азаматтар тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отыр. Мемлекет басшысы бұл жобаның маңыздылығын Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында да ерекше атап өткен болатын.
Атап өту керек, биыл жобаның ерекшелігі оқу курстарына банктер мен микроқаржы ұйымдары алдында 90 күннен астам берешегі бар азаматтар қатыстырылып отыр және мақсатта биыл өңірде 23 мыңға жуық азаматтың сауаттылығын арттыру көзделсе, бүгінгі күнге олардың 70 пайызынан астамына мамандар тарапынан нақты кеңестер мен көмектер көрсетілген.
Кездесу барысында да азаматтар өздерін толғандырған барлық сауалдарына мамандардан тегін, тиісті кеңестерін алып, негізгі шарттармен танысты.