$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ғалымдар зағип адамдарға қайта оқу мүмкіндігін сыйлаған көз имплантын жасап шықты

Ғалымдар зағип адамдарға қайта оқу мүмкіндігін сыйлаған көз имплантын жасап шықты
Фото: Pixabay.com

 Ғалымдар зағип науқастардың көзіне имплант орнатып, олардың қайтадан оқи алуына мүмкіндік берді. Лондондағы Мурфилдс ауруханасының хирургы бұл операцияны бес адамға жасап, «таңғаларлық» нәтиже көрсеткен. Бұл туралы BBC жазды. 
 70 жастағы Шейла Ирвин, ресми түрде зағип ретінде тіркелген науқас, BBC-ге берген сұхбатында қайтадан оқи алатынын және кроссворд шеше бастағанын айтып, бұл жағдайды «нағыз ғажайып» деп сипаттады.

— Бұл сондай керемет, сондай ғажайып сезім. Маған орасан қуаныш сыйлады, — дейді ол.
Жаңа технология географиялық атрофия деп аталатын аурумен ауыратын адамдарға үміт сыйлап отыр. Бұл — жасқа байланысты макулодистрофияның (макулярлық дегенерацияның) ауыр түрі.

Дәрігерлердің бағалауынша, тек Ұлыбританияның өзінде осы ауруға шамамен 250 мың адам, ал әлем бойынша 5 миллионнан астам адам шалдыққан.