ФИФА президенті Джанни Инфантино жексенбі күні Малайзияда өткен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері Қауымдастығының 47-саммитінде жаңа футбол турнирі – АСЕАН Кубогын таныстырды, деп хабарлайды Kazinform Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Оңтүстік-Шығыс Азияда бұрыннан бері АСЕАН чемпионаты өткізіліп келеді — бұл аймақтық жарыс, әр екі жылда бір рет ұйымдастырылады. Биыл қаңтарда бұл біріншілікте Вьетнам соңғы турнирде жеңіске жеткен.