$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ТЖМ қызметкерлері тауда ер адамды құтқарды

ТЖМ қызметкерлері тауда ер адамды құтқарды

Алматы облысының 112 қызметіне Қарасай ауданы Мұғалім шыңында 1999 жылы туған ер адам қолын сындырып, өздігінен төмен түсе алмай жатқаны туралы хабар түсті.

 Тау жолымен өте алмауына байланысты жедел жәрдем бригадасының көлігі оқиға орнына жете алмады.

Құтқарушылар зардап шеккенге жетіп, оны төменге түсіріп, жедел жәрдем тобына табыстады.

ТЖМ тауға серуенге шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді! Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!