$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Тоқаев Чех Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

28.10.2025ж. 09:02
Тоқаев Чех Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Astana TV.

Президент құттықтауында екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталып, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал чех халқына құт-береке тіледі.