Еліміздің энергетикалық әлеуетін арттыру мақсатында 26 ГВт жаңа қуат көздерін қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.
Қазіргі таңда Қазақстанда 237 электр стансасы жұмыс істейді. Оның 79-ы дәстүрлі генерация көздері, ал 158-і жаңартылатын энергия көздері болып табылады.
«Министрлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, қуаттарды кеңейтуге және цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған шараларды тұрақты негізде қабылдап келеді», — деді министр.
Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, бұл бастамалар «Энергетика саласын 2035 жылға дейін дамыту жоспары» аясында іске асырылып жатыр. Жоба шеңберінде жаңа қуат көздерін енгізу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.